23.10.2020, 15:16
Оқылды: 80

Мемлекеттік қызметшілер туралы ақпарат бір жүйеге біріктірілді

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында барлық мемлекеттік органдардың жұмысындағы формализм мен бюрократияны азайту, құжат айналымын қысқарту міндеттері қойылған болатын. 

 мемқызмет

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұсынылған ұлттық баяндамада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі жетілдірілді. Персоналды басқарудың қазіргі заманғы құралдары енгізілді, мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамы арттырылды.

Мемлекеттік органдар қызметіндегі бизнес-үрдістерді оңтайландыру және автоматтандыру, кадрлық қызметті орталықтандыру – аталған міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы болып табылады.

Бұл міндет өңірімізде «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

Бұрын-соңды мемлекеттік қызметшілер өзіне қажетті жеке істеріне қол жеткізу үшін кадр маманына жүгінсе, ал еңбек демалысына, іссапарға шығуы кезінде қағаз түрінде өтініш жазып, келісім үрдістеріне бірнеше уақыт жоятын еді. Бұл өз кезегінде жұмыс уақытының тиімсіз жұмсалуына, негізгі жұмыстарының тоқтап қалуына әсер еткен болатын.

Ендігі кезекте, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне кез келген уақытта қол жеткізуге мүмкіндіктері бар, өйткені аталған жүйеде мемлекеттік қызметшілердің жеке істері электронды түрде сақталған.

Осылайша, жыл сайынғы демалысқа өтініштер, түрлі қызметтік жазбалар осы жүйе арқылы рәсімделуде және басшылықпен келісу процесі электрондық форматқа ауыстырылды.

Қазіргі таңда, кадр қызметі жұмысының функцияларының көп бөлігі автоматтандырылып, стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған.

Бүгінгі күні облыстағы мемлекеттік органдармен жыл басынан бері 20268 кадрлық құжаттың 20216 құжаты немесе 99,7%-ы аталған жүйемен штаттық режимде рәсімделген.

Бұл ретте, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментімен барлық мемлекеттік қызметшілерге «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша әдістемелік семинарлар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Озық жүйелерді қолдана білу мемлекеттік аппаратты жаңа, стратегиялық-инновациялық деңгейге шығаруға ықпал ететін болады. Ақырғы мақсат – қоғамның стратегиялық серіктестері рөлін атқаратын және нақты құндылықтарды қалыптастыратын мемлекеттік аппараттың лайықты қызметкерлері үшін тартымдылық жасау болып табылады.

 

                                            Дулатбек Молдағалиев,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале