26.10.2020, 15:38
Оқылды: 37

Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

08E4075E-E4F8-40A6-A61F-87589DDEF68C

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға бүгін Шаған өзенінен өтетін көпірде, «Динамо» базасы ауданында болды. Көпірден секіріп кеткен әйелді ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім қызметкері Асқар Нұрғалиев құтқарып қалды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Нақты ақпарат кейін берілетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 11.30-да шақырылды. Денесі тоңған әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале