30.10.2020, 10:00
Оқылды: 20

Спортшылар бабында

Қазан айының 25-і мен 30-ы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жазғы спорттық бағдарлаудан ҚР чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Солтүстік Қазақстан, Нұрсұлтан қаласы, Жамбыл, Батыс Қазақстан және жарыс иелері Шығыс Қазақстан облысынан келген 115 спортшы қатысты.

503ED156-3FD3-42E0-AF59-E087D891AC4F

Чемпионаттың алғашқы күні орта қашықтықта сынға түскен 14 жасқа дейінгі ер балалар арасында жерлесіміз Бахтияр Болатбек І орын иеленсе, осы жастағы қыздар арасында бақ сынаған Ақжайық Елубаева да жеңіс тұғырының ең биік сатысына жайғасты. Келесі күні ұзақ қашықтыққа шыққан спортшылар біріншілік көркін қыздырды. Өңір спортшыларына оңай соқпаған бұл бәсекеде тек 14 жасқа дейінгі қыздар арасында өнер көрсеткен Карина Малаева ғана жүлдеге ілікті. Ол ІІІ орынға табан тіреді. Жарыстың үшінші күні спортшылар эстафета қашықтығында сынға түсті. Бұл бәсекеде облыс намысын ер балалар арасында Ернұр Сағынғали мен Бахтияр Болатбек жұбы қорғаса, қыздар арасында Карина Малаева мен Ақжайық Елубаева жарыс жолына шықты. Бәсеке басынан соңына дейін тартысқа толы болды. Қорытындысында батыстық қос жұп та екінші орыннан көрінді.

64871C94-61CD-4AC3-A5FC-2799438E4D85

-Жарыс өте қиын болды. Әсіресе алыс қашықтық. Десе де шәкірттерімнің көрсеткішіне қуанып отырмын. Жаттығу жұмыстары әлі де жалғасатын болады. Бұдан да биік нәтижелер алда,- дейді бапкер Серік Хайруллин.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале