30.10.2020, 11:23
Оқылды: 29

Биыл жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға 23 млн. теңге төленді

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабарлаған 145 адам марапатталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.

CDDE81DD-CD85-4861-80F1-5BF9A32814B4

«Егер кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз. Биылғы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 145 адам жалпы сомасы 23 млн. 664 мың теңгеге марапатталды», - деді Д. Биғайдаров.

Оның айтуынша, агенттік осы бағытта құқықтық мәдениетті және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жүйелі алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Алдын алу іс-шараларымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде жазаның бұлтартпастығы да маңызды қағидат.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале