Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Жымпиты ауылының Қ.Сүйірбаев көшесінен Б.Момышұлы көшесі арқылы С.Датов көшесіне дейін тартылып жатқан ұзындығы 860 м тротуардың жұмысымен танысты.
Жаяу жүргіншіге арналған жолды «КаНурСтройСервис» ЖШС жүргізуде. Екі жылға жоспарланған жобаның жалпы құны 7 млн. 914 мың 487 теңге 85 тиынды құрайды. Биыл 1 млн. 120 мың теңгенің жұмысы жасалып бітті. Енді 3 млн. 169 мың 508 теңгелік құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz