Жәнібек аудандық мәдениет үйінде «Жомарт жүрек – 2020» сыйлығын табыстау салтанаты өтті.
Онда аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев құттықтау сөз сөйлеп, жақсылыққа ұмтылып қайырымдылық жасаған жанашыр жандарға облыс әкімі Ғали Есқалиевтың алғысхаттарын, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова сала мамандары мен әр жылдардағы мектеп түлектеріне түрлі аталымдар бойынша алғысхаттар табыс етті. Шара барысында мәдениет қызметкерлері әннен шашу шашты.
Мақаланың толық мәтінін Жәнібек аудандық "Шұғыла" газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.
Асқар Құсайынов,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz