11.11.2020, 9:27
Оқылды: 13

БҚО-да қарақшылық жасап, 47 жастағы әйелді өлтірген тұрғын ұсталды

Батыс Қазақстан облысында қарақшылық жасап, әйелді өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

EEA7C9FC-83A5-4209-BF6A-E02B2461A195

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл оқиға ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес қылмыстық істі тергеу барысында анықталды. 29 жастағы К. 7 қараша күні сағат 04.30-да қарақшылыққа ұласқан арам пиғылмен әрі өлтіру мақсатымен 47 жастағы Н. деген әйелдің үйіне заңсыз басып кірген. Содан кейін әйелге әлденеше рет пышақ жұмсаған. Соның салдарынан әйел 9 қараша күні Орал қалалық көпбейінді ауруханасында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале