12.11.2020, 15:36
Оқылды: 5

Қазақстанда тұтынушы несиелерінің қарқыны төмендеді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда тұтынушы несиесінің көлемі төмендегенін айтты.

98C4BF55-C6DF-464D-B23B-31408CC5A154

«Бұл көрсеткіш халықтың сұранысы мен табысының азаюына байланысты төмендеді. Қазір банктердің тұтынушы кредиттері 2020 жылдың 9 айында 0,7% ғана өсім көрсетіп отыр. Ал былтыр осы кезеңде 18,6% өсім болған», - деді Мәдина Әбілқасымова. Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап несие төленбей қалған жағдайда кепілсіз тұтынушы несиелерінің комиссиясы 90 күнтізбелік күн ішінде тоқтатылады. Сонымен қатар төлем қабілеті төмен азаматтарға несие берілмейтін болады.

«Биыл проблемалық несиелер үлесі мамырда 9,4%, ал қазан айында 8,4% болды», - деді Агенттік төрағасы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале