Нұр-Сұлтан қаласында өткен "ADAL" саяси партиясының VII съезінде сайлауалды бағдарлама жобасының 5 негізгі бағыты ұсынылды:
Партия төрағасы Серік Сұлтанғали VII съездің негізгі мақсаты – бағдарламаны айқындап, дайындықты пысықтау, партиялық тізімдерді бекіту екенін жеткізді.
Ел дамуына біздің партия да үлес қосып келеді. Партияның мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, өмір салтын жақсарту. Ол үшін үкімет, министрліктер, әкімдіктер, партиялар біріге күш жұмсауымыз керек. 2020 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламенттік сайлауға қатысуға біздің партия да дайындығын жасап жатыр. Бүгінгі VII съездің негізгі мақсаты – бағдарламаны айқындап, дайындықты пысықтау, партиялық тізімдерді бекіту. Съезге 347 делегат қатысып отыр, - деді ол.
Серік Сұлтанғали партияның жаңару процесі тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайтынын айтты. Еске салайық, елімізде 2013 жылы құрылған «Бірлік» саяси партиясының атауы биыл 5 қарашада "ADAL" болып өзгерген болатын.
Біздің партия жаңарды. Жаңару процесіне біздің саяси кеңес пен өңірлік филиалдардың басшылары қозғаушы күш болып отыр. Алға жылжу үшін заманға сай ақпараттық технологияларды, тағы басқа тәсілдерді меңгеру керек. Біздің жаңару процесіміз тек атаудың өзгеруімен ғана шектеліп қалмайды, - деді партия басшысы.
baq.kz