24.11.2020, 18:55
Оқылды: 40

Азаматқа жомарттық жарасады

Алаш арыстарының бірі һәм бірегейі Ғұмар Қараш: «...Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет, сол себепті газет – біздің басшымыз, газет – біздің достар алдында көркіміз. Дұшпандарға қарсы құралымыз, газет – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз, газет – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шам шырағымыз» деп жазған болатын «Қазақстан» газетінің алғашқы санында.

DB2D18D8-DD3C-44B0-864E-A769D26E3A0F

Ғұмар атамыз айтқан газет маңызын әлі күнге жойған жоқ. Жаңақалада аудан айнасын қолдайтан азаматтар күн санап артып келеді десек артық айтқандық емес. Сондай жандардың қатарында Азат Лаврұлы Рашидов та бар. Ұсыныс жасағанда бірден құп алып, бірден 30 отбасын аудандық газетке жаздырып берген азаматқа қалай риза болмайсың? «Рашидов» шаруа қожалығының басшысы, «Каз-Тас-Бат» ЖШС құрылтайшысы А.Рашидов алдағы уақытта да ауданымыздың төл басылымын қолдайтындығын тілге тиек етті.

«Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын» деген халық даналығы осындай нар тұлғалы азаматтарға қаратылып айтылса керек.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале