24.11.2020, 19:02
Оқылды: 37

Қарттар үйіне газет сыйлады

Бәйтерек ауданының бастамашыл жастары «Газет әр адамға» ұранымен аудан орталығындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындарына арнап, 10 газет жаздырды.

D6A7081B-4E0C-42EB-927D-F2C2B460D832

- Ауданымыздың әр тұрғыны елдегі жағдайдан хабардар болуы керек. Сол себепті қарттар үйі аталып кеткен мекемеде қызмет алып жатқан қариялар мен кейуаналарға арнап газет жаздыруды қолға алдық. Бастаманы ортаға тастағанда аудан волонтерлары да, жастар да бірден қолдауларын білдірді. Бұл біздің қарияларымызға деген қамқорлғымыз болсын,- дейді бастама көтерген аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жетекшісі Алма Төлепқалиева.

Жастардың тосын сыйына разы болған арнаулы мекеме басшысы Альберт Талпахов тың бастаманы іске асырғандарға қызмет алушылардың және өзінің атынан үлкен ризашылығын білдірді.

-Аудан жастары қашан да игі істің қасынан табылып жүреді. Төтенше жағдай кезінде қарттарға қажет дәрі-дәрмек тауып берсе, ел тыныш уақытта көңілдерін көтеріп, концерттерін ұсынды. Енді аудан басылымын алуға мүмкіндік сыйлады. Осындай ел қамын ойлайтын жастарымыз көп болсын,- дейді А.Талпахов.

Аудан үнпарағын қолдауға бағытталған жаңа бастама әлі де жалғасатын болады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале