25.11.2020, 17:58
Оқылды: 27

Ұлттық банк теңгенің нығаюын түсіндірді

Апта басында бір долларға шаққандағы бағам 427,98 теңге болса, бүгін ұлттық валюта қыркүйек айынан бері алғаш рет 423 деңгейіне жетті. Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуалға түсінік берді.

тең

«25 қарашада доллар теңгеге қатысты биржада орта есеппен 422,90 деңгейінде саудаланып жатыр. Аптаның басынан бері ұлттық валютаның бағамы 5 теңгеден астамға немесе 1,2% нығайды. Теңгенің оң серпіні қолайлы сыртқы конъюнктура, сондай-ақ экспорттаушылардың салық төлемдерін жасау үшін шетел валютасын сатуы аясында қалыптасуда. Аптаның басынан бастап сыртқы жағдайлар жаһандық тәуекел-сентиментінің жақсаруымен сипатталады. Инвесторлар коронавирусқа қарсы әзірленіп жатқан вакциналардың тиімділігі туралы хабарламаларды оң бағалауда. Бұл, экономикалық белсенділіктің тез қалыпқа келу ықтималдығын арттырады. Онымен қоса, Дональд Трамп әкімшілігінен сайланған президент Джо Байденге билікті формальды беру процесінің басталуы да тәуекел дәрежесін ұстап тұр. Сонымен бірге нарықтар ФРЖ-нің бұрынғы басшысы Д.Йелленді АҚШ Қаржы министрі лауазымына тағайындау перспективаларына оң ықпал етуде, бұл қаржылық ынталандыруға байланысты болып отыр», - деді Ұлттық банк өкілі. Оның айтуынша, жедел вакцинация және отынға деген сұраныстың жедел қалпына келуі – мұнай бағасының өсуіне ықпал етуде.

«Brent эталондық сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы бірнеше күн қатарынан өсіп келеді және Азия нарықтарындағы бүгінгі сауда-саттық барысында наурыздың басынан бастап алғаш рет бір баррель үшін 48 доллар белгісінен асты. Осыған орай, Норвегия кроны мен Канада доллары сияқты шикізат елдерінің валюталары аптаның басынан бастап 1,3% және тиісінше 0,6% нығайды. EIA энергетикалық агенттігінің мәліметтері бойынша, жуық арада сұранысқа қайта ие бола бастайтыны алдын ала болжанғанына қарамастан, АҚШ-тағы мұнай қоры артып келеді. Мәселен, осы айдың басынан 13 қарашаға дейін АҚШ-та шикі мұнай қоры барреліне 484,4 млн-нан 489,5 млн-ға дейін өсті. Сыртқы позитивтің әсерінен бөлек, осы апта – салық аптасы боп қалады, бұның өзі нарықта валютаның ұсынысын едәуір күшейте түсті. Мысалы, дүйсенбі, 23 қараша күні биржадағы сауда көлемі 170 млн долларға жетті. Бұл – осы қарашада биржада тіркелген күндізгі орта көлемнен 1,5 есе көп дегенді көрсетеді», - деді Н.Тұрсынханов.

Оның сөзінше, дамушы елдердегі валюталар сыртқы нарықтағы жағдайларға, мейілінше, жақсы әсер етіп отыр. «Апта басында оңтүстік африкалық ранд 1,3% бекісе, Ресей рублі 1%, Мексика песосы 0,3% нығая түсті. Бұл жерде рубльдің өзі экспортерлердің тарапынан түскен салық есебінен нығайып отыр. Ал, теңге сыртқы және ішкі факторлардың жайлылығынан, одан қалды, тәуекел-сентимент пен нарықтағы энерготасымалдаушылардың позитивті жаңалықтарының және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан түскен көлемді салықтардың арқасында бекіп тұр. Бұл жерде мұнай бағасының көтерілуі – оны тұтыну деңгейін дер кезінде қалпына келтіруге себепші болып жататынын айта кету керек.

Дегенмен АҚШ-тағы мұнай қорының есебі көрсетіп келгендей, тұтыну көлемі болжалды деңгейге көтеріле алмай отыр. Сол себепті, шынайы тұтынымның шамасына қарай көмірсутек бағасына да өзгерістер еніп тұруы мүмкін», - деп түйіндеді Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале