26.11.2020, 19:34
Оқылды: 37

Диего Марадонамен қоштасу: Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды

Футбол аңызына айналған Диего Марадонаның қайтыс болуына байланысты Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды.

мара

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы кеше 61 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Айта кету керек, бірнеше күн бұрын ол субдуралды гематома операциясын сәтті өткеріп, ауруханадан шығарылған еді.

Марадонамен қоштасу рәсімі Аргентина Президентінің ресми резиденциясында өтуде.

Бұрынғы әйелі Клаудия Вильяфанье, қыздары Далма мен Джаннина және жақындары спортшымен қоштасты. Буэнос-Айреста әлемдік футбол жұлдызының көптеген жанкүйерлері жиналды.

Жалпы алғанда, Марадонамен қоштасуға миллионнан астам адам қатысады делінеді. Футболшыны жерлеу бүгін Буэнос-Айрестің сырт жағында өтеді. Еске салсақ, қазақстандық «Ник Вуйчич» Әли Тұрғанбеков Диего Марадонамен кездескен сәтін еске алып, спортшы туралы естелігімен бөлісті.

2018 жылы оқушы Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонамен кездесіп, оның иығына шапан жапқан болатын.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале