27.11.2020, 16:30
Оқылды: 511

Батысқазақстандық студент Алина – үздіктер қатарында

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Алина Қасым «Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП-100 студенті» жобасына белсене қатысып,  республикалық байқауда топ жарды.  

мын 1 -1

Аталған жоба елімізде екінші жыл өткізіліп отыр. Жеңімпаздарды онлайн конференция арқылы ҚР Білім және ғылым вице-министрі  Шолпан Каринова құттықтап, студент жастарды ашық диалог алаңына шақырып, олардың өз ойларын ашық әрі еркін жеткізулеріне мүмкіндік туғызды.

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасына қатысып, өңір мақтанышына айналған үздік студент Алина Қасымды құттықтаған облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жеңімпаздың алдағы уақытта да өз ісінің шебер маманына айналатындығына сенім білдіріп, диплом және 100 000 теңгенің сертификатын, білім басқармасының атынан алғыс хат табыстады.

мын 2-1

Ал колледж директоры Светлана Бахишева Алинаға жобаға қатысқанын растайтын сертификат пен Орал қаласындағы №50 жалпы білім беретін мектепке жұмысқа орналасуға жолдама табыстады.

Өңірімізден байқауға қатысқан басқа да студенттерге алғыс хаттар табысталды.

 

 БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале