Қыс мезгілінде Бөрлі ауданы тұрғындарының бос уақытын спортқа арнап әрі пайдалы өткізу үшін мейлінше жағдай жасалуда. Осыған байланысты қысқы спорт түрін, соның ішінде шаңғы спортын дамыту мақсатында Ақсай қаласынан 1,5 км қашықтықта Ақсай-Жымпиты бағытындағы тас жолының жиегінің бойымен 1 км шаңғы жолының орны дайындалды.
-Аудан тұрғындары мен шаңғышы балғындар үшін алаңды дайындап, бар күш-жігерін жұмсап, көмек қолын созғандары Космаганбетов Мерлан, Ольховик Валерий, Сабыралиев Марат, Якименко Сергей сынды азаматтарға және аудандық спорт мектебінің шаңғы спорты бөлімінің оқытушы-жаттықтырушысы Сагиналиев Исламға алғысымыз шексіз, - дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.
Алдағы уақытта дайындалған шаңғы жолы аудан тұрғындары үшін қызмет етіп, аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстар өткізілетін болады.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz