9.12.2020, 19:18
Оқылды: 32

Оралда автокөлік қағып кеткен 10 жасар бала ауруханаға түсті

Оралда автокөлік қағып кеткен 10 жасар бала ауруханаға түсті.

201209195549615e
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Алматы көшесінде болды. 24 жастағы жүргізуші Volkswagen Vento автокөлігімен келе жатып, жаяу жүргінші жолағында 10 жасар баланы қағып кеткен.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 13.20-да шақырылды.

Ер бала миы шайқалды деген күдікпен облыстық балалар ауруханасында жатыр. Сынық жарақаты жоқ.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале