10.12.2020, 9:43
Оқылды: 38

Бәйтеректе «Участок» жедел профилактикалық шарасы аяқталды

 Қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында  жүргізілген «Участок» жедел алдын-алу шарасы аяқталды.

Нәжиев

Жергілікті полиция қызметінің және жалпы ішкі істер органдарының беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау мақсатында жүргізілген профилактикалық шара аясында арнайы жұмыс топтары құрылып, шараны жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер қойылды.

Тексеріс нәтижесінде аудан тұрғындарынан тіркелмеген қару-жарақтар тәркіленіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кәмелетке толмаған жасөспірімдер ұсталған. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар мен басқа да заң бұзушылыққа жол берген азаматтар анықталған.

- Ұйымдастырылған жедел алдын алу іс-шарасы барысындағы жұмыс кезінде аудан аумағындағы шаруа қожалықтарында, базарларда, сондай-ақ сауда орындарында рейдтер жүргізілді. Мешіттер, шіркеулер және басқа да ғибадат орындары, рухани оқу орындары, тексерілді. Қорытындысында барлығы 354 құқық бұзушылық анықталып, оған жол берген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәжиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале