13.12.2020, 23:29
Оқылды: 40

Өткір мәселелер назардан тыс қалмау керек

Бүгін Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында Geneva Business School университетінің директоры, «ADAL» партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттығына үміткер Алина Асқарова облыстың белсенді жастарымен кездесті.

697cf27e-93fc-4c09-93c2-b93efa498f3d

Кездесуде партияға ребрендинг жасау, «ADAL» партиясының сайлауалды бағдарламасы, өңірдің маңызды мәселелері, соның ішінде баспанаға қолжетімділік, шағын және орта бизнестің дамуы, жұмыспен қамту, жастардың өзге елге кетуі сияқты тақырыптар талқыланды. Алина Асқарова азаматтардың мұндай өткір мәселелері назардан тыс қалмау керек деп санайды.

a72f43f0-c728-4d8c-b49e-b047aaf3101e

- «Бірлік» партиясы 2013 жылы құрылды, биылғы қараша айында «ADAL» деп аты өзгеріп, ребрендинг жасалды. 2021 жылғы сайлауда бұл партиядан ҚР Парламент Мәжілісіне 16 кандидат бар, - дейді А.Асқарова.

30 жылда Қазақстан даму бағытын айқындаған елге айналды. «ADAL» партиясының мүшелері еліміздің қазіргі даму бағытын, бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын, қазақстандықтардың лайықты тұрмыс-тіршілігі үшін айқын басымдылықтарды қолдайтындарын жеткізді.

Н.Оразаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале