14.12.2020, 9:23
Оқылды: 47

Сақтық шаралары түсіндірілді

"Қызыл ай" қоғамдарының халықаралық федерациясы мен АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен Бәйтерек ауданы Дариян ауылында пандемия талаптарын тұғындарға түсіндіруге бағытталған басқосу өтті.

3A849252-1932-48F1-8A93-395DFB2FE7CA

Жауапты сала мамандары мен волонтерлер қатысқан іс-шарада "Қызыл Ай" қоғамдық қоры БҚО филиалының директоры Светлана Тенишева жиналғандарға коронавирустық инфекция туралы толық ақпарат беріп өтті.  

Сондай-ақ С.Тенишева аты жаман аурудың тұрғындар арасында  таралуына жол бермеу үшін  қандай сақтық шараларын ұстану керектігі мен пандемия кезінде маска режимі мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау аса маңызды екеніне де тоқталды.

E2135967-FB01-473B-BC7E-F2C348CE2A4C

Басқосу соңында жиналған азматтарға ақпараттық материалдар таратылып, алғашқы медициналық көмек көрсету және волонтер құқықтары мен міндеттері туралы да толық мағлұматтар берілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале