14 желтоқсан күні Казталов ауылында заманауи үлгідегі «НЭФТЕК» жанар-жағармай бекеті ашылды. Бекеттің ерекшелігі жолаушыға керектітінің барлығы бар. Бұл бекеттен сіз тек жанар-жағармайды сатып алып қана қоймай, өзіңізге қажетті қызмет түрлерін де тұтына аласыз. Жаңа жанар-жағармай бекетінің ішінде азық-түлік, автомайлар сөресінен бөлек, арнайы душ пен әжетхана және намаз оқуға арналған арнайы бөлме бар.
Жанар-жағармай бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Альберт Есалиев бекеттің жұмыс барысымен танысып, атаулы компания өкілдеріне өз ризашылығын білдіріп, «Neftek Operating» ЖШС директоры Асылбек Нуповқа аудан жұртшылығы атынан арнайы алғыс хат табыс етті.
Бекеттің салтанатты ашылу рәсімінде Казталов ауылының 10 тұрғынына «Neftek Operating» ЖШС тарапынан арнайы жеңілдік картасы мен естелік сыйлықтар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық-түлік себеттері үлестірілді.
Қазіргі таңда атаулы бекетте 9 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жұмысшылар саны 20-ға жетпек.
Салтанатты шарада санитарлық талаптар сақталды.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz