15.12.2020, 19:47
Оқылды: 57

Казталовта жанар-жағармай бекеті ашылды

14 желтоқсан күні Казталов ауылында заманауи үлгідегі «НЭФТЕК» жанар-жағармай бекеті ашылды. Бекеттің ерекшелігі жолаушыға керектітінің барлығы бар. Бұл бекеттен сіз тек жанар-жағармайды сатып алып қана қоймай, өзіңізге қажетті қызмет түрлерін де тұтына аласыз. Жаңа жанар-жағармай бекетінің ішінде азық-түлік, автомайлар сөресінен бөлек, арнайы душ пен әжетхана және намаз оқуға арналған арнайы бөлме бар.

IMG_8425

Жанар-жағармай бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Альберт Есалиев бекеттің жұмыс барысымен танысып, атаулы компания өкілдеріне өз ризашылығын білдіріп, «Neftek Operating» ЖШС директоры Асылбек Нуповқа аудан жұртшылығы атынан арнайы алғыс хат табыс етті.IMG_8435

Бекеттің салтанатты ашылу рәсімінде Казталов ауылының 10 тұрғынына «Neftek Operating» ЖШС тарапынан арнайы жеңілдік картасы мен естелік сыйлықтар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық-түлік себеттері үлестірілді.

IMG_8423

Қазіргі таңда атаулы бекетте 9 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта жұмысшылар саны 20-ға жетпек.

Салтанатты шарада санитарлық талаптар сақталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале