19.12.2020, 11:49
Оқылды: 17

Шағын аудан тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.С.Измұханбетова, Ш.С.Утебалиева, Н.Х.Серғалиев және Б.Т.Қонысбаеваның №49 орта мектептің мұғалімдерімен және «Сарытау» шағын ауданының тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

шағ 1-1

Кездесу барысында үміткерлер ZOOM платформасы арқылы қосылған оралдық тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге қатысушылардың басым бөлігі негізінен әйелдер екенін ескере отырып, көпбалалы балаларға берілетін жеңілдіктер, мұғалімдерге әлеуметтік қолдауды арттыру және мұғалім мәртебесін көтеру туралы сұрақтар көтерілді.

Сондай-ақ, оқушылардың қашықтықтан оқытылуының сәтті және сәтсіз тұстары туралы да пікір алмасты. Одан басқа, балалардың бойында спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында білім беру мекемелері мен мектептер жанынан спорт алаңдарын салу қажеттігін атап өтті.

Кандидаттар аталмыш кездесуде талқыланған сұрақтар мен ұсыныстарды әрі қарай тереңдетілген түрде қарау үшін өз бақылауларына алды.

Кездесу аясында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша да түсініктеме беріп өтті.

Роза Испулова, Айман Серікова, Жанерке Тапаева, Қанат Қашқынбай бастаған оралдық тұрғындар өз пікірлерімен бөлісіп, өз кезегінде Гүлжан Алғаниева барлық кездесуге қатысушылардың атынан партияға алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауда сәттілік тілеп, «нұротандықтар» қойған міндеттерді барынша қолдайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының

сайлау қоры қаражатынан төленді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале