23.12.2020, 16:25
Оқылды: 205

Жымпитыда жиһаз дүкені ашылды

Жымпиты ауылында жиһаз және тұрмыстық техника дүкені ашылды. Карантиндік шектеулерге дейін мейрамханалық қызмет көрсетіп келген "Жарқын" мейрамханасын жалға алған Сәуле Қожабергенованың Орал қаласы, Тасқала және Бәйтерек аудандарында жиһаз салоны бар. Төртінші дүкенін Сәуле ханым Жымпитыдан ашуды ұйғарыпты. Қаратөбе ауданында Сәуле Қожабергенованың салонынан сатып алып, ауданға апарып жиһаз сататын дүкен иелері бар.

IMG_9312

Жиһаздар Ресейдің Пенза қаласынан тасымалдануда. Ішінде қазақстандық өнімдер де бар. "Натали" ас үй жиһазы, "Винтаж" үстелі, "Уют" үстелі мен орындықтары, жатын бөлме, кіре беріс, балалар бөлмесінің жиһаздары, шкафтар, жұмсақ жиһаздар алуан түрлілігімен көздің жауын алады. Жиһазды арнайы оқып келген жігіттер тегін құрып береді. Айта кетейік, Сәуле Қожабергенова жиһаз құруға жымпитылық бес азаматты жұмыспен қамтып отыр.

IMG_9307

Жиһаздан бөлек дүкенде автоматты жартылай автоматты кір жуғыш машина, газ плиталар, су ысытқыштар, ас үй пештері сынды үйге қажетті тұрмыстық техникалар да сатылуда. Автоматты кір жуғыш машина алған адамға кір жуғыш ұнтақ сыйлыққа беріледі. Теледидар алған адамға қабырғаға бекіткіш сыйлық ретінде ұсынылады.
Жиһаздар мен тұрмыстық техникалар "Альфабанк", "Хоумкредитбанк" арқылы несиеге, бөліп төлеуге беріледі.


Шынар Молданиязова
,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале