25.12.2020, 9:33
Оқылды: 11

Сырымдық оқушылар үшін "Ғажайыпқа толы" күн болды

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудан балаларына арналған құттықтауын жеткізіп, жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады.

FB_IMG_1608836520170

Аталмыш сыйлықтар аудан орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі мен Сырым аудандық білім беру бөлімінің мектеп-лицейінен бөлек, Аралтөбе, Бұлдырты орта мектептерінен, Абай, Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінен, Көгеріс, Тасқұдық негізгі мектептерінен 9-13 жастағы озат оқушылар мен қоғамда белсенді, республикалық білім мен өнер байқауларында аудан намысын қорғап жүрген жүлдегер 9 оқушыға білім алуда маңызды рөл атқаратын Bilim book mini  планшеті, 6 айға тегін қолданыстағы SIM-картасы бар роутер және балалардың сүйікті тәттілері берілді.
Одан бөлек, әр балаға Президенттің құттықтау ашық хаты мен кітаптар табыс етілді.

FB_IMG_1608836508126

Президент сыйлықтарына кенелген озаттар мен өнерлі балалар үшін расымен де ғажайыпқа толы күн болды. Балалардың қуаныштарында шек болмады. Бірі өлеңмен алғысын білдірсе, енді бір қазақтың домбырасының тиегінен тәтті тілектерін төкті.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале