Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһарда орналасқан отбасы орталығында «Орал өңірі», «Приуралье», «Пульс», «Жайық үні», «Мой город» және «Надежда» газеттерінің тілшілерімен кездесті.
Кездесу барысында Абат Абайұлы Орал қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы кеңінен баяндады. Ол облыс орталығында қандай инвестициялық бағдарламалар, жобалар тартылуда, биыл іске қосылған жобалар қандай, қанша адам жұмыспен қамтылды, жаһанды жайлаған жаман індет шаһарды абаттандыру, көгалдандыруға қаншалықты кедергісін тигізді, қоғамдық жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындардың жұмыс сапасы, қоғамдық көліктердің қатынасы, су құбырлары мен коллектор, автобустардың маршрутын өзгерту және тағы да басқа қала өміріне байланысты журналистердің қойған сауалдарына тұшымды жауап қайтарды.
Кездесуде қала әкімінің отбасына, жеке өміріне де байланысты сұрақтар болды. Бұл туралы облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің таяудағы сандарынан толығырақ оқи аласыздар.
Нұрымбек Жапақов,
zhaikpress.kz