29.12.2020, 15:46
Оқылды: 16

Бас шыршаның шамдары жағылды

Оралдағы ҚР тұңғыш Президенті алаңында қаламыздың бас шыршасы орнатылды. Шыршаның биіктігі – 18 метр. Бас шыршаны безендіру жұмыстарына, монтаждауға және бөлшектеуге 2 376 000 теңге көлемінде қаражат бөлінген.

 Бас шыршаның шамдары жағылды

Сонымен қатар облыс орталығындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында, салық комитеті ауданында, Зашаған,  Круглоозерный, Деркөл және Желаев кенттерінде жаңажылдық шыршалар орнатылмақ. Қала әкімдігінің баспасөз қызметкері Данияр Оспанның айтуынша, бұл аудандарда шыршаларды орнатуға бюджет қаражатынан ешқандай шығын болмайды, олар өткен жылда-ры сатып алынған.

Биыл  пандемияға байланысты жаппай мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым  салынғаны белгілі. Осыған байланысты жаңажылдық мерекелік шаралар онлайн сипатта өткізілетін болады. Мысалы, Жастар мәдениет үйінде «Нұрға толы жаңа жыл» телевизиялық мерекелік бағдарламасының түсірілімі болды. Ол 31 желтоқсанда «AQJAIYQ» телеарнасында көрсетіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде балаларға арналған жаңажылдық ертегі қойылымы түсіріліп, жарияланады. Қала әкімінің атынан аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларға арналған жаңажылдық құттықтау ұйымдастырылады деп күтілуде.

 

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале