Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Шаттық Өтебалиева «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Кандидаттың қабылдауына келген Орал қаласы Курени шағын ауданының тұрғыны Мақсот Шағиров қыс кезіндегі көшені қардан тазалау жұмыстарына өз шағымын айтып келді.
-Көп жылдан бері осы шағын ауданда тұрамын. Қыс кезінде көшені қардан тазартқанда барлық қарды біздің көшеге, сол маңдағы №39, 35-ші автобустарының соңғы аялдамасының тұсына үйіп кетеді. Ол тұрғындардың жүріп тұруына ыңғайсыздық тудыруда. Арнайы техника жүргізушілеріне де бірнеше рет ескерттім. Еш нәтиже болмай тұр. Сондықтан осы мәселінің шешілуіне көмектесуіңізді сұраймын,-деді М.Шағиров.
Ал Мырзалы Нұғманов есімді қала тұрғыны ІІІ топ мүгедегі екендігін, карантин басталғалы жұмыссыз қалғанын, бүгінде әлеуметтік көмек ала алмай отырғандығын айта келген. Орал қаласындағы Аманжолова көшесі 69/1 үйдің тұрғыны жер төлесіне су жиналғандығын, үш айдан бері аталған түйіткіл еш шешілмейтіндігіне шағымданды.
-Қабылдауға келген екі қала тұрғыны бірі көшені қардан тазалау, екіншісі көп қабатты тұрғын үй жертөлесіне су кіріп тұрғандығын айтты. Бұл мәселелерді шешу үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесіне хабарласып, түйіткілді шешу жағын қарайтын боламыз. Ал екі тұрғынның көмек алу туралы шағымдарын да құзырлы мекемелермен бірлесіп шешеміз,-деді Шаттық Өтебалиева.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.