6.01.2021, 15:05
Оқылды: 37

Көпжасарлықтармен кездесті

Жаңақала ауданынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ретінде тіркелген Дархан Закарин, Зара Жәрдемова және Лариса Тұрарқызы Көпжасар жақында ауылына барып, тұрғындармен кездесу өткізді.

985f1d51-e0ed-4c94-9333-d15a5a930ff1
Алғаш боп сөз алған Дархан Закарин биылғы сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын істерді айтып өтті.

- Өздеріңіз білесіздер биылғы жылы сайлау ерекше форматта ұйымдастырылуда. Еліміз бойынша тұңғыш рет праймериз өткізілді. Алдарыңызға келіп отырған үміткерлердің бәрі де сол сыннан сүрінбей шыққандар. Еліміздегі игі бастамалардың басында «Nur Otan» партиясы тұрғандығын көпшілік жақсы біледі. Осы кезге дейін бұл партияның ықпалымен біраз игі істер жасалды. Алдағы уақытта да көптеген тың бастамалар қолға алынбақ. Бәріңізді 10 қаңтар күні сайлауға келуге және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын,-деді Д.Закарин.

Шара барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға үміткерлер тұшымды жауап беріп, нақты істердің атқарылатын айтты. Кездесуден соң үміткерлер көшедегі ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, оларға үнпарақтар таратты. Сондай-ақ ауыл ауруханасына мен дүкендерге ат басын бұрып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

68aa2119-7d23-4f80-b347-3819dc39dfbd ea45f9bb-595b-4fff-a85c-3c5ca21402ce

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале