10.01.2021, 18:58
Оқылды: 45

Жәнібектік 91 жастағы тыл ардагері өз таңдауын жасап, дауыс берді 

Жәнібек ауданында учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері денсаулығына байланысты учаскеге келе алмаған Жәнібек ауылының тұрғыны, тыл ардагері, 91 жастағы Анна Шабанованың үйіне барды. Кейуана өз таңдауын жасап, арнайы әкелінген жәшікке сайлау бюллетенін салып, игі тілегін жолдады.

20210110_185037
- Сайлауға қатысу әр қазақстандықтың парызы. Өйткені әр дауыс маңызды. Осы сайлауға қатысқаныма қуаныштымын. Өз аяғыммен жүре алмаймын. Сондықтан үйден дауыс бермекшімін. Міне, бүгін халықпен бірге мен де дауыс беріп, өз үлесімді қосып жатырмын. Еліміз аман болсын! Мемлекетіміз гүлдене берсін! - дейді тыл ардагері.

20210110_185017

Ә.Садық,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале