Бүгін Жәнібек ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің елді мекендердегі тұрғындар алдында есеп беру кездесулері басталды.
Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елді мекенінде болып, ауылдық округ әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев тұрғындар алдында есебін тыңдады.
Кездесуге Х.Халиуллин, шекара бөлімшесінің бастығы Алмат Кинаятов және аталған елді мекен тұрғындары қатысты.
Басқосуда Нұрдәулет Аянұлы бір жыл бойы атқарған жұмысы жөнінде баяндады. Сонымен қатар Асхат Хамитұлы сөз алып, басты мақсат аталған елді мекенге ауыз суды өткізу екендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ жол мәселесін де атап өтті.
Елді мекен тұрғындарының атынан Тілепберген Перғалиев өз ұсынысын ортаға салды. Оның айтуынша, елді мекенге мал зираты, мал суару үшін су қажет.
Мәселен, шекара арқылы немесе сол маңда жүру үшін, сондай-ақ шекара белдеуі өзеннің үстінде болғандықтан қыс мезгілінде тұрғындар ойық ойып, мал суарған кезде шекараның белдеуін бұзып жатады. Сол себепті тұрғындарда арнайы рұқсат қағаз болу керек. Аудан әкімінің орынбасары мен ауыл әкімі қойылған ұсыныс пен сұрақтарға тұщымды жауап берді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz