20.01.2021, 15:33
Оқылды: 51

Шыңғырлау аудандық соты өткен жылды қорытындылады      

Шыңғырлау аудандық сотының төрағасы Миржан Қадырбаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Брифингте Шыңғырлау аудандық сотының 2020 жылда атқарылған істері жөнінде есеп берілді.

 IMG_0598

2020 жылы 45 қылмыстық іс түсіп, 44-і қаралған. 1 іс басқа аудандық сотқа соттылығы бойынша жолданған.

1 жыл аралығында 11 қылмыстық іс бойынша 357 330 теңге айыппұл жазасы тағайындалып, үкім шығарылып, айыппұлдың барлығы төленген.

Соттың 39 айыптау үкімімен сотталушылардан жәбірленушілер өтемақы төлеу қорына 1 426 150 теңге өндірілген.

12 ай ішінде азаматтық тәртіппен сотқа 135 талап-арыз түсіп, оның 18-і қолданыстағы Азаматтық процестік Кодексіне сай болмауына байланысты қайтарылған. 11 азаматтық іс бойынша бітімгершілік (медиация) тәртібімен қысқартылған.

Статистикаға сүйенетін болсақ, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 362 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 9-ы заңды тұлға болса, 292-сі жеке тұлға, оның 17-сі әйел адамдар. Кәмелет жасқа  толмағандар – 1.

Әкімшілік істер бойынша заңға сай әртүрлі әкімшілік жазалар тағайындалып орындалған.

 

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале