20.01.2021, 22:50
Оқылды: 45

COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар қауіпті – маман пікірі 

COVID-19-дың симптомсыз түріне шалдыққандар коронавируспен ауырғандардан әлде қайда қауіпті. Мұндай пікірді медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев білдірді.

200622184151837a3664686i
«Қазақстанда және көрші елдерде ахуалдың тұрақталғаны байқалады. Алайда, бұл ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді. Бұған карантин шараларының арқасында қол жеткізіліп отыр. Дегенмен, карантин шараларын сәл ғана босаңдатса, бірден ушығып кетеді. Сондықтан босаңсуға болмайды. Коронавирусқа қатысты айта кетер тағы бір жайт, адамдардың 70 пайызы оның симптомсыз түрін бастан кешіреді. Осыған байланысты көпшілік симптомсыз өткені жақсы деп ойлайды. Жақсы ештеңесі жоқ. Бұл адамдар өзгелерге жұқтырады. Олардың өздері ауырмағанымен коронавирусқа шалдыққандарға қарағанда әлде қайда қауіпті», - деді С.Әміреев.

Оның түсіндіруінше, коронавирустың симптомды түрімен ауырған адамдар оқшауланып, емделеді. Ал вирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар тест тапсырмастан емін-еркін жүре береді. Сол арқылы ол айласындағы дені сау адамдарға вирус жұқтырады.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале