27.01.2021, 14:36
Оқылды: 32

Бәйтеректік туристер шаңғы жорығына шықты

Жуырда Бәйтерек аудандық жас туристер станциясының  қызметкерлері «Қысқы жорық - 2021» атты шаңғы жорығын ұйымдастырды.

IMG_20210127_124647

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және шаңғы туризмін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жорыққа туристер станциясының қызметкері Қанағат Бегалиевтің жетекшілігімен аттанды.

Қатысушылар тобы 2 күнге созылған шаңғы жорығына Переметный ауылынан шығып, Новенький, Поливной ауылдарына соғып, барлығы 31 шақырым жол жүріп өтті.

Жорық кезінде туристер шаңғы туризмі техникасын, далалық жорыққа шығу әдісін практикалық тұрғыда меңгергендігін көрсетіп, осы кезге дейін теория жүзінде алған білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

IMG-20210126-WA0132

- Туризм спортының ең қиын тұсы – шаңғы жорықтары. Соған қарамастан қызметкерлер өздерінің біліктіліктерін көрсетіп, қойылған барлық межені сәтті бағындырды. Жорыққа шыққан Алтынбек Кенжешов, Замир Сукпусунов, Нүркен Қасимов, Елжан Сабитов, Альбина Ғаббасова сынды спортшыларға алғысым шексіз. Алдағы уақытта бұндай жорықтар жиі ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - дейді команда жетекшісі Қанағат Белгалиев.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале