28.01.2021, 15:13
Оқылды: 60

Көлік жолы өлім жолына айналды ма?

Бірнеше жыл бұрын аудандық «Сырым елі» газетінде дәрігер-хирург Қасым Бисенғалиевтің мақаласы жарияланды. Дәрігер ол материалында Самара – Шымкент тасжолының бойында көлік апаты жиілегенін, адам өлімі көбейгенін айтып, көпшілікті жол ережелерін сақтап, абай болуға шақырады. Көлік жолы өлім жолына айналғандай екенін баяндайды. Жуырда ғана осы трассаның бойында екі көлік апаты орын алып, төрт адамның өмірі қиылды.

E9003B1C-995B-4B40-9F5A-A9658B230FBE

Бірінші жол-көлік оқиғасы өткен жылдың желтоқсан айының 28-і күні сағат 16.00 шамасында Самара – Шымкент тасжолының 370 шақырымында болған. Сырым аудандық полиция бөлімінің Facebook желісіндегі ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, Шымкент қаласының 1997 жылы туған А. есімді тұрғыны «ВАЗ–21440» аутокөлігімен Жымпиты ауылынан Орал қаласына қарай бағыт алып бара жатып, көліктің басқару жүйесіне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Қас қылғанда қарсы алдынан Ақтөбеге қарай зулап бара жатқан «LEXUS RX–300» маркалы аутокөлік шыға келеді. Екеуі қатты соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ–211440» аутокөлігінің жүргізушісі мен оның қасындағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болыпты. Бұл оқиғаға қатысты Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ербол Әлімбекеровтің пікірін білдік.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №8 санынан оқи аласыздар.

Бауыржан Мұстафиев,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале