Ресейлік «Спутник-V» вакцинасын алуға байланысты әр адам жеке шешім қабылдайды. Бірақ өзіміздің, балаларымыздың денсаулығын ойласақ, бұл бастамадан сырт қалмағанымыз дұрыс. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді.
Вакцинацияның үш кезеңі
Өңіріміздің бас дәрігерінің сөзіне қарағанда, ҚР «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық процедура, оның ішінде, вакцинация адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Жалпы елімізде вакцинадан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болып табылады.
Айта кетейік, вакциналау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, шұғыл, алғашқы медициналық көмектің, реанимацияның, «Жедел жәрдем» бөлімдерінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет құрылымдарының қызметкерлері екпе алады. Наурыздың 1-інен басталатын екінші кезеңде мектеп, ЖОО педагогтері, қалған медицина қызметкерлері қамтылады. Сәуірдің 1-інен бастау алатын үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, балабақшалар педагогтері, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдар егіледі деп күтілуде.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 5 ақпан күнгі №10 санында жарияланған танымал журналист Бауыржан Бисеновтің «Екпе – ковидпен күрестегі ең тиімді жол» мақаласынан біле аласыздар!
zhaikpress.kz