10.02.2021, 17:45
Оқылды: 62

Тасқала ауданы орталығында көше жолдарының 85%-ы жөнделді

Тасқала ауданы 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына алғашқы аудан болып қатысып, бағдарлама аясында ауқымды істер атқарылды. Екі жылда бағдарлама арқылы ауданға  2 млрд 149 млн. теңге қаражат тартылып, сегіз жоба бойынша үш мектеп, бір мәдениет үйінің ғимараты және аудан орталығының 35 көшесінің автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл аудан орталығы көшелерінің 85%-ын құрайды.

Жол (1)

- Аудан Ресей Федерациясы Саратов облысының екі ауданымен, Батыс Қазақстан облысының үш ауданымен шектеседі. Жеті жолдың торабында орналасқан Тасқала ауданы экономикасының дамуына автомобиль жолдарының жөнделуі үлкен серпін беретіні сөзсіз. Осы орайда 2019 жылы Орал – Тасқала – Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар 104 шақырым тас жолы күрделі жөндеуден өтсе, 2020 жылы Тасқала – Аққурай облыстық маңызы бар 96 шақырым тас жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Есепті кезеңде аудан барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жалпы 4 млрд 904 млн. теңгеге 28 жоба іске асырылды.

Сонымен қатар, аудан жолдарын сапалы күтіп-ұстау мақсатында екі дана арнайы жол техникасы сатып алынды. Аудан орталығында жалпы көлемі 338,7 шаршы метр құрайтын бір қабатты әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді, - дейді аудан басшысы Алдияр Халелов.

Тасқала ауылында көшпелі тәсілмен 320 көрермен орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Кешеннің құрылысы ауданда 14 спорт түрін дамытуға толық мүмкіндік береді. Аталған жобалар аясында аудан бойынша жалпы 457 жұмыс орны құрылып, 240 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылды. Соның ішінде 43 адам вахталық жұмыста жүріп уақытша жұмыссыз қалғандар. Оған қоса, әр елді мекенде тұрғындардың күшімен, демеушілік көмек арқылы және бюджеттік қаражат есебінен жалпы 96,6 млн. теңгеге абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Ақтау, Шежін ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан қаражатынан 15,3 млн тенге бөлініп күрделі жөндеуден өткен бес мектептің жиһаздары жаңартылып, екі мектепке қызметтік автокөлік алынса, төрт мектепке 50 компьютер жеткізілді. Амангелді, Мерей мектептері мен «Айгөлек» бөбекжайында күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары жасалды.

IMG_5639

Аудандағы өзекті болып табылатын мәселе – электржарығының жиі өшіп қалуы. Аудан бойынша электржелілерінің ұзындығы 578 шақырымды құраса, соның 322 шақырымы ауылішілік желілер. Жалпы электржелілерінің 93%-ның тозығы жеткен. Тек биылғы жылдың өзінде аудан бойынша электржелілерінің 210-нан астам апаттық жағдайы тіркеліп жойылды. 2020 жылы аудандық бюджет көлемі 8 млрд 711 млн. теңге құрап, жыл қорытындысы бойынша 99,3% орындалды. Соның ішінде, салық және салықтық емес түсімдердің жоспары 132,4 % орындалып 543 млн.теңге құрады. Жыл қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 10 млрд. 559 млн. теңге құрап, 103,9%-ға артты.

Темірболат Тоқмамбетов,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале