11.02.2021, 14:55
Оқылды: 48

Батыс Алашорданың белсенділері

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің қорында өте құнды да қызықты құжаттар жиі кездеседі. Соның бір парасы - Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесінің 1919 жылдың соңында большевиктер қолына берілуіне қатысты.

19C46F9B-9083-4D6D-B31A-2EDA4DDF53F3

Әрине, көзі қарақты оқырмандарымыз Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесі немесе Күнбатыс Алашорда – Батыс Қазақстанның айтарлықтай бөлігін басқару үшін құрылған Алаш автономиясы үкіметінің (Алашорданың) бөлімшесі екенін жақсы біледі. Оның алдында 1918 жылғы сәуір айында Жымпитыда өткен 4-Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен Ойыл уәлаяты құрылған болатын. Ойыл уәлаятының кұрамына Ілбішін, Орал, Гурьев, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің қазақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл және Бөкей уездері кірді.

Алашорданың Батыс бөлімшесін құру туралы шешімге Әлихан Бөкейхан 1918 жылы 11 қыркүйекте қол қойды. Уфа қаласында өткен бұл мәжіліске Уәлитхан Танашев, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Ахмет Бірімжанов, Әлімхан Ермеков және Мұхамеджан Тынышбаев қатынасқан еді.

Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы болып Жанша Досмұхамедұлы тағайындалды. Бұл бөлімше 1918 жылдың қыркүйек айынан 1919 жылдың желтоқса-нына дейін өмір сүрді.

Бір қызығы, Батыс Алашорданың әскери бөлімдерінің қатарында екі мыңға дейін жауынгер, қару-жарақ болғанына қарамастан, азамат соғысында олар белсенді ұрысқа қатысқан жоқ.

Ал Азамат соғысындағы күштердің ара салмағы шешуші түрде Қызыл Армия жағына ауысқан кезде, яғни 1919 жылы желтоқсанда Алашорданың Батыс бөлімшесі Кеңес өкіметіне қарсылықсыз берілді.

Әрине, өз еркімен берілді дегенмен, алашордалықтарға большевиктер сенбеген. Алашорда үкіметін, оның батыс бөлімін жою, ол үкіметтің белсенділерін анықтау, оларды орталыққа жеткізу үшін арнайы топ құрылады. Төмендегі жеделхаттар сол бір сұрапыл күндерден хабар береді.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №12 санынан оқи аласыздар.

Қазбек Құттымұратұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале