15.02.2021, 16:50
Оқылды: 61

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының нәтижесі белгілі болды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы екі турға бөлініп, өткізілді. Бірінші тур - іріктеу, екінші - жобаны қорғау.

B006BD98-5C14-4931-BDF5-C3A87DB249D7

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-12 желтоқсан аралығында облыстық кезеңнің екінші туры - бейіндеу пәндері бойынша тестілеуге 79 оқушы қатысып, облысымыздан 55 оқушы республикалық кезеңнің екінші турына өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі (жобаларды қорғау) 9 ақпаннан 12 ақпанға дейін ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді, оған облыс бойынша 27 оқушы 21 жобамен қатысты.

95578B06-D07A-4890-97C0-0CC56C7A01FD

Конкурстың қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 4 оқушы, ІІІ орын – 7 оқушы және 6 оқушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды.  

Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы №41 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары Адилов Сержан мен Турсунова Меруерт (техника секциясы бойынша) және Орал қаласындағы №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Серік Мәдина, Тналиева Гаухар (этномәдениеттану секциясы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы №41 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары Қадырболат Ринат және Сагингали Баянсұлу (жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясы), Бәйтерек ауданы Новен жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жұмаділда Нұршаттық (математика секциясы), Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Бақтығалиева Айнара (әдебиет секциясы), Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары Астафьева Виктория, Лисовая Даяна (тарих секциясы ), Орал қаласы, «№42 Ақ ниет» гимназиясының 11-сынып оқушысы Кдырниязова Айдана (өлкетану секциясы) ҚР Білім және ғылым министрлігінің IІІ дәрежелі дипломдарын иеленді.

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Батырова Айсана (информатика секциясы), Жаңақала ауданды, Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Хайырлиева Айгерім (биология секциясы), Бәйтерек ауданы, Щапов жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Чернухина Милана (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау секциясы), облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернат кешенінің 9-сынып оқушысы Ескалиева Дильназ (әдебиет секциясы), Тасқала ауданы Мереке жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының 9-сынып оқушысы Болатов Сержан (этномәдениеттану секциясы) және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық-технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Курманиязова Диляра (тіл білімі секциясы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды.

Оқушыларды дайындаған ұстаздарды, конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале