Жуырда Орал қаласында қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын.
12 ауданнан 300-ге тарта спортшы қатысқан жарыста Замир Батыровтың шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. 38 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мирас Қуанышқалиев ІІІ орынға табан тіресе, 65 келіге дейінгі салмақта Иса Ғарифолла да ІІІ орынды місе тұтты. Ал Самат Самиғуллин 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кездесуде қарсыласына есе жіберіп, ІІ орынға тұрақтады.
- Әр жарысқа тыңғылықты дайындаламыз. Палуандардың бағы жануы үшін барымызды саламыз. Нәтиже жоқ емес. Бұл жарыс біз үшін тәжірибе десек те болады. Алдағы уақытта аудан жұртын чемпиондармен қуантуға тырысамыз, - дейді жаттықтырушы Замир Батыров келер күндерге үміт артып.
Жанайдар Жұмағұлов,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz