18.02.2021, 18:58
Оқылды: 172

Жаңақалалық балғын палуандардың жеңісі

Жуырда Орал қаласында қазақ күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын.

Балғын палуандардың жеңісі

12 ауданнан 300-ге тарта спортшы қатысқан жарыста Замир Батыровтың шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. 38 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мирас Қуанышқалиев ІІІ орынға табан тіресе, 65 келіге дейінгі салмақта Иса Ғарифолла да ІІІ орынды місе тұтты. Ал Самат Самиғуллин 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кездесуде қарсыласына есе жіберіп, ІІ орынға тұрақтады.

- Әр жарысқа тыңғылықты дайындаламыз. Палуандардың бағы жануы үшін барымызды саламыз. Нәтиже жоқ емес. Бұл жарыс біз үшін тәжірибе десек те болады. Алдағы уақытта аудан жұртын чемпиондармен қуантуға тырысамыз, - дейді жаттықтырушы  Замир Батыров келер күндерге үміт артып.

 

Жанайдар Жұмағұлов,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале