19.02.2021, 13:12
Оқылды: 20

Батыс Қазақстан облысы әкімінің халық алдындағы есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 5.02.2016 жылғы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің 2021 жылғы халық алдындағы есебі пандемияға байланысты онлайн форматта болады.

есеп

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен болашақ жоспарлары туралы халық алдындағы есебі 20 ақпан күні сағат 19.00-де өтеді.

Сондай-ақ, есеп беру кездесуін «Aqjaıyq» телеарнасының тікелей эфирінен және БҚО әкімдігінің YouTubе ресми парақшасынан тамашалауға болады.

Егер өңір басшысына сауалдарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, келесі мекен-жайлар бойынша қалдыруыңызға болады:

  1. Облыстық (Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 179),қалалық әкімдік (Н.Назарбаев даңғылы, 182/1) және «Nur Otan» партиясының БҚОФ ғимаратында (Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19) орнатылған халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған жәшіктерге қалдыру арқылы;
  2. 8 (711 2)24-84-24 call-орталық нөмірі арқылы;
  3. [email protected] электрондық поштасы арқылы;
  4. +7 747 131 10 38 WhatsApp нөмірі арқылы.

Айта кету керек, облыс әкіміне сұрақ немесе ұсыныс берер алдында аты-жөнін, ұялы телефонын, тұратын мекен-жайын міндетті түрде көрсету қажет. Анонимді өтініштер қабылданбайды.

Есеп беру барысында облыс әкімі тікелей эфирде түскен маңызды сұрақтарға жауап береді. Барлық қойылған сұрақтар мен берілген жауаптар БҚО әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале