25.02.2021, 15:15
Оқылды: 12

«Астана Опера» гастрольге келмек

Өңірімізге «Астана  Опера мемлекеттік опера және балет театры директорының көркемдік-өндірістік мәселелер және ғимаратты пайдалану жөніндегі орынбасары, сценограф Виктор Караре жұмыс сапарымен келді.

BB72C339-2E06-4E94-B874-B8928212CF32

Облыс әкімі Ғали Есқалиев оны Орал қаласындағы салынып жатқан көпфункционалды мәдениет ғимаратының құрылысына қатысты кеңес беру үшін арнайы шақырған еді.

Айта кетейік, ҚР тұңғыш Президенті атындағы алаңда салынып жатқан цокольді және техникалық қабаттары бар мәдениет үйінің жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайды. Жоба бойынша үш қабатты ғимаратта конференц, экспозициялық және көрме залдары болады. Сонымен қатар 926 орындық концерт, мәжіліс залдары да жасақталмақшы.

Жобалау мамандарымен бірге В.Караре аталмыш нысанды аралап көрді. Содан кейін өңір басшысының төрағалығымен облыс әкімдігінде болған консультативтік кеңеске қатысты.

Жиын барысында ғимараттың алдыңғы беті мен жалпы дизайнын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Арнайы жабдықтар, дыбыстық дайындық жобалары, акустикалық жүйе туралы сөз болып, ғимарат фойесін ұтымды және тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Жалпы, бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берілді. В. Караренің айтуынша, ғимарат көзделген стандарттарға сәйкес келсе, «Астана Опера» опералық спектакльдерімен және театрлық қойылымдарымен алдағы уақытта Оралға гастрольге келуіне  мүмкіндік туады.

Мәди Ықылас,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале