1.03.2021, 8:57
Оқылды: 54

Сырым ауданының әкімі еңбек ардагерін мерейтойымен құттықтай барды

Шайдолла Жұмағалиевтің есімі қалың жұртшылыққа жақсы таныс. Ақкөңіл, көпшіл, ортаның сыйлы азаматы Шайдолла Жұмағалиұлының еңбек жолы да тарихи белестерге толы. Мәселен, Шайдолла ағаның еңбек жолы механизаторлықтан бастау алып, есеп саласы, кеңшардағы жұмысшылар комитетінің төрағасы, бөлімше меңгерушісі сияқты салаларда жемісті жылдарға ұласты.

B64762AE-960E-4A23-A070-3DC8E8A072C9

  Ақпан айының соңғы күні Алғыс айту күні қарсаңында 80 жастың төріне шығып отырған еңбек ардагері Шайдолла Жұмағалиевтің шаңырағына арнайы сәлем бере келген аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев Шайдолла ағаны мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтап, шынайы тілектерін арнады.

   Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы еңбек ардагеріне аудан әкімдігі, ауданның ардагерлер кеңесі атынан құттықтау хат тапсырып, арнайы сый-сыяпатын ұсынды.

Шайдолла аға, Жұмағалиевтер отбасы осынау қуанышты бөлісуге келген аудан әкімі, Т.Төреғалиевке, аудандағы ардагерлер кеңесіне ризашылығын білдіріп ақ баталарын берді.

"SYRYM eli"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале