5.03.2021, 17:23
Оқылды: 41

«Көкіректе туласа жыр-сәйгүлік»

Дәл осындай тақырыпта Теректі ауданы оқушылары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, қарымды журналист Ғайсағали Сейтақпен онлайн форматта әңгіме өрбітті.

ггг

Сұқбатты ұйымдастырушы аудандық балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогі Үміткер Орынғалиев шараға Подстепный қазақ және Ақжайық ЖОББ мектептерімен қатар, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары және ұстаздары, мектеп кітапханашылары белсене қатысқандығын айтады.

гггг1

Zoom платформасы арқылы өрбіген сүбелі сұқбат барысында оқушылар ақынға көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап ала білді. Ал Ғайсағали Самиғоллаұлы өз кезегінде патриоттық бағыттағы өлеңдерін оқып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Фейсбук әлеуметтік желісінде Ақмоншақ Мақсотқызы есімді жерлесіміз «қазір мектеп оқушылары ақын-жазушылармен кездесе ме, шығармашылық кештерге бара ма (мәжбүрлеусіз), жалпы оған көңіл бөліп, бас қатырып отырған адамдар бар ма, бұл қоғамда?» дейтұғын сыңайда пікір қалдырып, ол пікір үлкен пікірталасқа  айналған еді. Расымен, ақын-жазушылармен кездесу барлық дерлік оқушының санасында сілкініс жасап, Қадыр ақын айтпақшы «Бәрі ақын болмас, бірақ парасатты адам болуына» осындай кездесулер сеп болатыны шындық.

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале