9.03.2021, 9:41
Оқылды: 20

Үйсіз-күйсіздерге ыстық тамақ

Облыстық ҚХА-ның татар этномәдени бірлестігі «30  игі  іс» шарасы аясында Орал қаласындағы белгілі бір мекен-тұрағы жоқ үйсіз-күйсіздерге шай мен бәлішке қоса ыстық тамақтар таратты.  

60A82098-D4DD-477B-908C-3D0188D66568 

Қайырымдылық шарасы 1 наурызда бастау алды. 40-қа жуық үйсіз-күйсіздерге таңғы ас таратқан татар этномәдени бірлестігінің өкілдері психологиялық көмек те көрсетті.

– Өмірде түрлі тағдырлар болады. Адам қаңғыбастыққа еріккеннен салынбайды. Бірі барынан айырылып, көше кезіп кетуге мәжбүр болса, енді бірі тағдыр тауқыметін көтере алмай, мәселенің шешімін арақ-шараптан іздейді. Сондай әлсіздікке жол берген кей адамдар үй-күйсіз баз кешіп, қайыр сұрап кетіп жатады. Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген тағдырларға біз қолдау көрсетуіміз керек. Өйткені олар да біз секілді қоғамның бір мүшелері. Олардың жеке басын куәландыратын құжатты қалпына келтіруге Орал қаласындағы бейімдеу орталығының мамандары көмектесетін болады. Жұмыс табуға да қолдау танытады, – деді татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Флюра Миликеева.

Қала аумағында тұрақты мекенжайы жоқ жандар ыстық тамақ ішіп, бойларын жылытып алған соң, алғыстарын жаудырды. Айта кетсек, үй-күйсіздерге тегін ыстық тамақ тарату шарасы алда да жалғасын табатын болады.

Гүлсезім Ерболатқызы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале