15.03.2021, 12:39
Оқылды: 34

Теологпен кездесу болды

Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастауымен ұйымдастырылып келе жатқан «LIVE DIOLOGUE» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирдің тақырыбы «Қазақ даласындағы ислам» болды.

7278C5DF-B51B-4C27-B94A-1ABA64F87784

Ресурстық орталықтың теологі Әсет Раманкуловтың қатысуымен жүргізілген тікелей эфир барысында қазақ даласына ислам діні қалай келді, қалай өрбіді, сондай-ақ ата-бабамыздың дін ұстанымы мен қазіргі кездегі діннің өзгешеліктері тақырыбында сөз қозғалды.

-Тарихи деректерге сүйенсек, ислам діні орта Азия елдеріне  VII ғасырдың аяғы VIII басында келе бастаған. Ислам дінінің қазақ жеріне түбегейлі орнығып, тамыр жаюына 751 жылы қазіргі Тараз өңірі маңындағы Қытай және Араб әскерінің арасында өткен Атлах шайқасы себепкер болған. Бұдан кейін X ғасырдың басында дін халық арасында кеңінен белең алып, халық дінге бет бұрған. Тіпті толығымен қабылдай бастады,-деді Әсет Раманкулов.

«LIVE DIOLOGUE» алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале