15.03.2021, 23:41
Оқылды: 8

«Белдігіңді тақ» акциясы

Орал қаласында алғаш рет «Ашық жол» автобазарының аумағында «Ашық жол – қауіпсіздік белдігіңді тақ» атты акция өткізілді. Акция барысында 100 автокөлік «Белдігіңді тақ» деген жазуды бейнеледі.

тақ

Автокөлік иелері акцияға белсене қатысып, инсталляцияны қолдады. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жазуды бейнелеу үшін автокөліктерді орналастырумен айналысты. Акцияға, сондай-ақ Орал қаласындағы әскери-техникалық мектептің курсанттары, волонтерлер, мемлекеттік аутомектептердің директорлары мен нұсқаушылары қатысты.

– Акция кезінде автобазардың аумағында 500-ден астам автокөлік және екі мың келуші болды. Автоәуесқойларға арналған «Жол белгілері» викториналары өткізіліп, оның жауабын дәл тапқандарға «Гауһар  жолы» қоғамдық бірлестігі атынан сыйлықтар тапсырылды. Шарада полиция майоры Д.Сатаров жол оқиғасында қауіпсіздік белдігінің өзіндік орны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - дейді «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Бисенова.

 

Мұғалім Өтей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале