26.03.2021, 18:59
Оқылды: 40

Мал азығы тапшылығы бақылауда болады

БҚО әкімі Ғали Есқалиев елді мекендерді су басу қатеріне байланысты Бәйтерек, Тасқала, Ақжайық, Бөкей ордасы аудандарының және Орал қаласының басшыларына төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қауіпті аймақтарды зерделеуді тапсырды. Ауыл-аймақта мал азығына тапшылық туындап жатқанын қаперде ұстау керектігін айтты. Бұл мәселенің шешімін табуға барлық аудан әкімі жауапты. Облыс басшысы төрағалығымен өткен жиында Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин қыс қыспағына түскендерге мал азығын жеткізу бойынша іс-шаралар жайын айтты.

ек1

– Қуаңшылық пен ауа райының қолайсыздығына байланысты ауданның қырлық беткейіндегі округтерде қараша айының аяғы - желтоқсан айының басында мал қолға тұрып қалды. Төтенше жағдайдың алдын алу бағдарламасы бойынша бюджеттен қаражат бөлу арқылы аудан аумағынан тыс жерлерден тасымалданатын мал азығының құнын ішінара арзандату жұмысы жүргізілді. Жалпы жыл басынан бері Қаратөбе, Сырым, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарынан 1200 тоннадан астам шөп тасымалданды, соның ішінде жергілікті тұрғындарға 750 тонна шөп арзандатылған бағамен (7,0 мың теңге) сатылды. Тасымалдау жұмысына аудан бойынша 10 жүк көлігі жұмылдырылды. Аудан аумағынан тыс жерлерден мал азығын тасымалдаған 20-дан астам шаруа қожалығына жол шығынын ішінара өтеу мақсатында жанар-жағармай берілді. Өтініштердің түсуіне қарай жанар жағармай қосымша бөлінетін болады. Жаппай мал шығыны туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Алайда қыстақтардағы жағдайға байланысты күйі төмен ірі қаралар етке тапсырылған. Қазіргі таңда құм өңірінде мал толықтай жайылыста, қатқыл беткейдегі малдар жайылысқа шыға бастады, – деді Наурызбай Қарағойшин.

435586A0-E165-44B1-9BB5-119935F51B06

Облыс әкімі Ғали Есқалиев басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне мал азығы мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

 Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале