2.04.2021, 12:16
Оқылды: 111

Тасқалада «Абысын тату болса, ас көп...» атты аудандық байқау өтті

Иба мен иманды, кісілік пен кішілікті бойға сіңірген, қазақы дәстүрді берік сақтаған бір ананың баласындай, бір қолдың саласындай болған абысындардың сырластық, сыйластық дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Абысын2

Осы орайда «Бақытты отбасы» жобасы аясында БПҰ «Камен» бастамасымен,  аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абысын тату болса, ас көп...» атты аудандық байқау өтті.

Байқау халықтың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі-өнеге алуға, абысындар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қазақ халқының ұлттық тағамдарын насихаттау бағытттарын көздеді.

Онлайн форматта өткен шарадағы ауылдық округтерден қатысқан үміткерлердің жұмыстары бейнероликтер арқылы бағаланды.

Байқау нәтижесінде Мерей ауылынан Күлмалиевиер әулетінің келіндері І орынға лайық деп танылса, Атамекен ауылынан Сұңғатовтар отбасының келіндері ІІ, Оян ауылынан Бозаевтар әулетінің келіндері ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Бинұр Хабидашева,

Тасқала аудандық мәдениет үйінің әдіскері    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале