3.04.2021, 15:00
Оқылды: 53

БҚО-да тазалық айлығы басталды

Орал қаласында 1 сәуір – 1 маусым аралығында санитарлық-экологиялық тазалық айлығы өтеді. Осы аралықта қала аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандырылады.

IMG-20210403-WA0006

Жұбан Молдағалиев тынымбағында өткен сенбілікке облыс әкімі Ғали Есқалиев пен шаһар басшысы Абат Шыныбеков бастаған әкімдік аппараттарының қызметкерлері жұмылды. Тынымбақтағы қарды күреп, тырмалап, қоқыстан тазалады. Сонымен бірге сенбілік қаладағы өзге де демалыс орындары мен көшелерде жалғасып, мемқызметкерлер мен мекеме-ұйымдар, тұрғындар шықты. Орал қаласы тазалық жүргізу үшін 20 аймаққа бөлінген. Әр аймаққа жауапты мекемелер мен бөлім басшылары бекітілген. Сол аймақтардағы бизнес құрылымдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, жеке тұрғындар әр сенбі сайын сенбілікке шығып, аумақтарында тазалық жүргізеді. Арнайы құрылған штаб апта сайын атқарылған жұмысты қорытындылайды.

IMG-20210403-WA0010

– Сенбілік барысында барлық көше мен аулада, тынымбақтар мен саябақтарда, өзен жағалауларында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіледі. Орал – экологиялық жасыл және таза қала. Біз мұны мақтан тұтып қана қоймай, осы атына сай күтіп ұстауымыз керек. Әрине бұл іс-шаралар барысында карантинге байланысты санитарлық талаптар сақталады. Биыл көктем жай шыққан соң, жер лайсаң, қар да әлі бар. Дегенмен қала тұрғындарының таза көшеде жүріп, саябақта демалуына жағдай жасауымыз керек. Шаһар тазалығына тек арнайы коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен ұжымдар жауапты деген жаңсақ пікір қалыптаспауы қажет. Бұл игі іске қалалықтардың барлығы атсалысқаны жөн. Тұрғындар да үйлерінің айналасын тазалауға шығады деп сенеміз, – деді шаһар әкімі Абат Абайұлы.

Сенбілікке шыққан Орал қалалық мәслихат аппаратының басшысы Серік Давлетов депутаттардың да тазалық жұмысына үлес қосатынын айтты.

IMG-20210403-WA0012

Айта кету керек, күн жылына бере негізгі көшелердегі ғимараттардың қасбеттерін жөндеу, әрлеу, әктеу, жасыл желекті қалпына келтіру жұмыстары басталады. Сәуір айының ортасында жасыл желек отырғызу жоспарланған. Жалпы тазалық маусымы қала аумағындағы кенттер мен ауылдық селолық округтерде де өтеді. Абаттандыру мен көгалдандыру жалғасын табады.

Бүгінгі сенбілікке Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да атсалысты. Тазалық іс-шарасына профессор-оқытушылар, қызметкерлер және студенттерден барлығы 500 адам, 2 техника жұмылдырылды. Олар университетке қарасты көшелерді, аулааралық аумақтарды, көпшілік демалатын орындарды, арықтарды қыстан қалған қоқыстан тазалап, мұз қалдықтарын ойды. Көше бойындағы қоршауларды сырлады.

IMG-20210403-WA0004

IMG-20210403-WA0008

IMG-20210403-WA0009

IMG-20210403-WA0007

IMG-20210403-WA0011

IMG-20210403-WA0013

IMG-20210403-WA0005

Айна Имашева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале